Терісі жұқа болғаны соншалық бүкіл ағзасы көрінетін 500 граммдық сәбидің фотосы әлеуметтік желіні шулатты (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710121032320_small.jpg

Кішкентай Остин Дугластың салмағы осыдан бірнеше күн бұрын 500 грамм ғана болған.  Ол өзінің мерзімінен 18 аптаға ерте дүниеге келіпті.

Сәбидің ата-анасы Хелен мен Рисаға дәрігерлер «Біз сәбиіңіздің аман қалатынына күмәнданамыз. Мүмкіндіктер тіптен аз», - депті. Сәби тіпті өз анасының алақанынан да кішкентай болған. Остиннің терісі жұқа болғаны соншалық, тіпті оның ағзасы көрініп тұратын.

Бірнеше аптадан кейін баланы жағдайы әлдеқайда жақсарды. Жақында оны ата-анасының қолына тапсырады.  Сәбидің анасы Хеленге осыған дейін дәрігерлер  бала көтере алмайсын деп айтқан.

«Ол дүниеге келген күннен бастап өз өмірі үшін күресті», - дейд анасы Хелен.

Остин бірнеше мәрте өлім аузынан аман қалды. Кіп-кішкентай болса да екі рет инфекция жұқтырды.  Бірақ Остин барлық ауруды жеңіп шықты. Оны ауруханадан 28 шілде күні шығарады екен.

Ол күн сайын салмақ қосып, үлкейіп келеді.  БІрақ оның денсаулығы жақсарғанша ауруханада болады. Остиннің ата-анасы үнемі сәбиінің амандығын тілеп, Құдайға жалбарынып жүр. 

Аударған: Әсел Өтешова

Қатысты Мақалалар