Көп жағдайда әскери мекемелер өз мемлекеттеріндегі ядролық қарудың көлемін құпияда ұстайды. Сарапшылардың есебіне қарағанда әлемдегі ядролық қарудың 93%-ы АҚШ пен Ресейге тиесілі. Осы орайда Ресей мен АҚШ үлкен масштабта ядролық соғыс бастаса біздің ғаламшарымыздың жағдайы не болады деген сұрақ туады.
Әрине, жағдай өте нашар болады.
Жалпы алғанда, ядролық қару осы уақытқа дейін екі рет қолданылған. Жапониялық Хиросима мен Нагасаки қалаларында 1945 жылы орын алды. Алайда сол кездегі қару мен қазіргі замануи қару жарақтың күштері салыстыруға келмейді. Ядролық қарудың салдарын үшке бөліп қарастыруға болады: бір сәттік, біраз уақыт өтсен соң орнайтын және ұзақ уақытқа созылатын зардаптар.
Бір сәтте пайда болатын зардаптар
Ядролық жарылыстың температурасы бірден бірнеше миллион Цельси градусқа дейін жетеді. Бұл деген сөз жарылыс орын алған жерден жақын радиуста орналасқан адамның денесі бірден жоқ болып кетеді. Хиросимада 3 шақырым жерде орналасқан адамдардан тек тасқа түскен көлеңкелері ғана қалған.
Ғимарат ішіндегі адамдар жылу эффектілерінен немесе ғимарат құлаған кездегі оның қиындыларынан өледі. Бірден өлу 90% құрайды.
Көптеп орнаған өрттің себебінен оттегіні өзіне сіңіріп алған дауылдар соғады. Өрт дауылдары жолындағы тұрған нәрселердің бәрін жояды. Мұндай өртті дауылдардың кішірек мысалдары Гамбург пен Токио қалаларында қарапайым бомбаның әсерінен де орнаған. Тіпті дауылдан тірі қалған адамдардың өздері атмосферадағы барлық оттегінің жойылу себебінен тыныс ала алмай қайтыс болады.
Біраз уақыт өткен соң орнайтын зардаптар
Аман қалғандар бірнеше күн бойы радиоактивті шөгінділердің есебінен өздерін нашар сезінеді. Ядролық бомбаның қалай жарылуы да оның зардаптарын айқындайды. Мәселен, егер бомба жерге тиіп барып жарылса атмосфераға түскен радиоактивті қоқыстар көлемі көбірек болады, ал бомба ауада жарылса оның зардаптары әлдеқайда ауырырақ болады.
Тірі қалғандар үлкен қиындықтарға душар болады. Жүкті әйелдер балаларын жоғалтады немесе мүгедектер, кемістерді босанады. Жаралар өте баяу емделеді, адамның иммундық жүйесіне нұқсан келеді.
Ұзақ уақытқа сақталатын зардаптар

Барлық әлемді радипациялық обыр аурулары жайлайды. Радиациялық обыр, ақ қан аурулары балалар арасында да таралады.
Ғаламшарды ядролық қыс күтеді. Зерттеулерге қарағанда, тіпті ядролық қаруды шектеп бір ғана аумақта жүргізгеннің өзінде, ол ғаламшардың орта температурадан 1,5 радус Цельсиге түсуіне әсер етеді. Соның салдарынан дәнді дақылдар өсіру уақытының бұзылуынан бүкіл әлемде аштық орын алады.
Жаһандық ядролық соғыс орын алатын жағдайда ғаламшар өміріне апаттық нұқсан келеді. Әлемде ядролық қару бір ғана мемлекетте болғанның өзінде барлық ғаламшарға қауіп төнеді. Адамзат пышақ үстімен жүріп келе жатқан секілді. Ал сіз қалай ойлайсыз?
Аударған: Назерке МҰСА