Ер адам көлігімен үйге қайтып келе жатады. Ауыр жұмыс күнінен кейін ер адам тезірек үйге жетіп, демалуды қалайды. Қырсыққанда жолда кептеліс басталды. Жақын маңдағы кішкентай көшеге бұрып, ер адам жылдамдықты асырады. Бір уақытта кішкентай баланың сұлбасы көрінді. Ер адам бірден тежегішті басып, көліктен атып шықты. Ол қазір ғана баланы қағып кетті. Ер адам баланы көліктің артқы орындығына жатқызып, жақын маңдағы ауруханаға жүйтки жөнеледі. Ол баланы қабылдау бөлмесіне алып кіргенде қобалжығаннан тізесі дірілдеп кетті.

- Оның сақтандыруы бар ма? деп сұрады кезекші дәрігер.
- Жоқ, білмеймін деді ер адам.
- Сақтандырусыз оны қабылдай алмаймыз. Есімін айтыңызша ең болмағанда деді мейірбике.
- Білмеймін. Бірдеңе істеңізші дәрігер, өтінемін. Бұл бала ғой. Оның өлімі менің мойнымда болғанын қаламаймын, деді ер адам.
- Біз оны тіркейміз. Ол үшін қайырымдылық жарнаны төлеп, дәрігерлердің қызметі мен дәрі үшін ақша төлеуіңіз қажет болады. Сізге түбіртек беремін, оны кассаға төлеп, осында келесіз, деп ашумен жауап береді дәрігер.
Ер адам асығып кассаға қарай жүгіреді. Баланы аман алып қалу үшін ол барлығына дайын еді. Кассаға барғанда әмиянын көлікте тастап кеткені есіне түседі.
40 минуттан кейін ғана баланы тіркеп, дәрігер оны қарауға келеді. Дәрігер баланы көргенде ақ қағаздай ағарып кетті. Баланың аяғына жығылып, «Балам» деуге ғана мұршасы болды.
Дайындаған: Сабина Рамазан