АҚШ Иранға әскери күш қолдануы әлі де мүмкін екенін айтқаннан кейін мұндай бағасы қымбаттады

/uploads/thumbnail/20260219144218289_big.webp SM

Әлемдік мұнай бағасы 18 ақпанда 4%-дан астам қымбаттады. Бұған АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің-тің Иран ядролық келіссөздерде АҚШ талаптарын орындамағаны туралы мәлімдемесі себеп болды.

Вэнстің айтуынша, Женевадағы келіссөздерде Иран АҚШ белгілеген «қызыл сызықтарды» мойындамаған. Ал президент Дональд Трамп келісімге қол жеткізілмесе, әскери күш қолдануы әлі де мүмкін екенін айтты.

Нәтижесінде:
АҚШ-тың WTI маркалы мұнайы 4,6%-ға өсіп, баррелі $65,19 болды.
Brent маркалы мұнай 4,35%-ға қымбаттап, $70,35 деңгейіне жетті.

Нарықтағы басты алаңдаушылық — Ормуз бұғазындағы жағдай. Иран әскери жаттығулар өткізіп жатыр. Бұл бұғаз арқылы әлемдік теңіз мұнай экспортының шамамен үштен бірі өтеді. Егер әскери қақтығыс басталса, мұнай жеткізіліміне қауіп төнуі мүмкін.

АҚШ аймаққа екі авианосец жіберді, бұл жағдайдың ушығуы ықтимал екенін көрсетеді.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар