Құқық қорғау органдары Балашихи аймағында өзінің кәмелет жасқа толмаған қызын жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген әйелді құрықтады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Нтв арнасына сілтеме жасап.
Тергеушілер 12 маусым күні күдікті өзінің қызын ертіп жалдамалы пәтерлердің біріне келгендігін анықтаған. Ол жерде қыз бен анасы екеуі 42 жастағы ер адаммен кездескен.
Сонымен қатар, 8 жастағы қыз жыныстық қатынасқа түсу үшін анасы түрлі тәттілер беріп, мәжбүрлегенін айтқан.
Аталмыш оқиғаға байланысты «Кәмелет жасқа толмаған қызды зорлады» деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Шолушы: Назерке Лабихан