Өмір бойы бас бостандығынан айырылған жігіт түрмеде ресторан ашты(ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710121521301_small.jpeg

 29 жастағы Сургута тұрғыны Роман Калашников есірткі тасымалдағаны үшін түрмеге қамалған. Алайда ол өз өміріне дән риза екенін айтыпты. Бостандықта жүрген адамдар ресторан түгілі кішкентай кәсіп аша алмай жүргенде, ол түрмеде керемет деуге келмесе де ыңғайлы ресторан ашып алған екен.

Ол өз кәсібін 2016 жылы бастапты.  Сол жылы ол Балиге ұшып келген кезде оның сөмкесіне бөтен біреулер есірткі бар қорапша салып жіберген. Кейін ол өзінің кінәсіздігін дәлелдей алмай Индонезиядағы Карбаган түрмесінде өзге біреудің жазасын өтеу үшін түрмеге түседі. Ол өмір бойы бас бостандығынан айрылды.  Алайда ол ештеңеге өкінбейді.

Роман түрмеге түспес бұрын аспаздықпен айналысып, 6 жыл бойы біраз елді шарлап, саяхат жасаған. Барған елдің міндетті түрде ұлттық асханасына кіріп, дәм тататын еді.

Түрмеге түскеннен бастап қазіргі германиялық әріптесімен бірге ресторан ашыпты. Олар күніне 15-20 кісілік тамақ сатып, 500-1000 рубл табыс табады екен.  

Аударған: Әсел Өтешова

Қатысты Мақалалар