Жезқазған маңына құлаған зымыранның мән-жайы анықталды. Жезқазған түбіне құлаған зымыран қирандысында қатерлі гептил жоқ, - деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ҚР ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.
14 маусымда кешкі уақытта қолданушылар WhatsApp мессенджері арқылы Жезқазған маңындағы Талап ауылына зымыран құлағаны туралы хабар тараған.
Хабарламада зымыран қирандысында адам өміріне өте қауіпті химиялық улы зат бар делінді. Ауыл тұрғындарына есік пен терезелерді жабу керектігі айтылды. Балаларды көшеге шығармау туралы ескертіліді. Бұл хабарламаға байланысты және зымыранның құлауы жайында ҚР ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтып берді.
Иманқұловтың айтуынша, 14 маусымда кешкі уақытта расында да Жезқазған маңына зымыран қирандысы құлаған. "Далада өрт болғаны туралы дерек расталды, өрт зымыранның өңделген қалдығының құлауы кезінде шыққан. Алайда қирандыда гептил жоқ - бұл нақты мәлімет. Қазіргі уақытта өртті сөндіру бойынша және оның елді мекенге жақындатпау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ол.
Шолушы: Айгерім ТАУБАЙ