Ақтөбеде 6 жастағы бала шұңқырға құлағаннан кейін комаға түсті

/uploads/thumbnail/20170710121602850_small.jpg

Ақтөбеде шұңқырға құлаған 6 жастағы бала комаға түсіп қалған. Төтенше оқиға 10 маусым күні ауылды жерлердің бірінде орын алған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Диапозон газетіне сілтеме беріп.

Белгілі болғандай бала далада ойнап жүрген кезде үш метр етіп қазылған шұңқырға құлап кеткен. Балалар аруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Жасқайрат Сатаев баланың әрең аман қалғанын айтады. Оның бас сүйегі сынып миы жарақаттанған. Ота жасаған соң бала 2 күн бойы комада жатты. Қуанышқа орай, жақында ғана  бала есін жиып, сөйлей бастаған.

 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар