Алматыда жаяу жүргіншіні қаққан көлік жүргізушісі іздестірілуде

/uploads/thumbnail/20170710121609277_small.jpg

Алматы қаласы Алатау ауданы «Теректі» ықшам ауданында жан түршігерлік оқиға орын алды. Көлік жүргізушісі жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан адамды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі today.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Жапа шеккен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның кім екені анықталу үстінде.

Ал жолаушыны соққан автокөлік жол бойында орналасқан бейнебақылауға түсіп қалуы мүмкін. 

Шолушы: Айгерім ТАУБАЙ

Қатысты Мақалалар