Ыстық көлде ит 2 жастағы қызға шабуыл жасаған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Turmush-қа сілтеме жасап.
Ыстық көл облыстық ауруханасының директорының мәліметінше, Бору-Баш ауылында тұратын қызды сағат 20:40-та ауыр хәлде ауруханаға жеткізген.
Травмотолог пен жан сақтау бөлімінің дәрігерлері қыздың бетін тіккен. Оның беті көптеген жарақаттар алған. Ернінің үстіңгі бөлігі, мұрын жағы мен құлақ айналасына зақым келген.
«Кеше немерем көшеде анасымен бірге ойнап жүрген. Анасы 2 минутқа үйге кіріп кеткенде көршінің иті қызға тап берген. Ата-анасы қызды бірден ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер көмектескен, қазір жағдайы жақсы»-дейді қыздың апасы.
Шолушы: Назерке МҰСА