Жұмыс, үй, жұмыс, үй... Сіз де көз алдыңызға өзіңізді елестеттіңіз бе? Иә, адам баласы табысқа жету жолында өз-өзін құрбан етуге даяр. Тіпті, күн демей, түн демей жұмыс істей беруге қауқары жеткілікті деп ойлайды, себебі ол жас қой. Солай ойлауы заңды да. Алайда ұйқысыз өткен түндер мен демалыссыз өткен күндердің кесірінен туатын зардап адамды айналып өтпей қоймайды.Осыған да мән берген жөн.
Бүгінгі күннің адамы өмірінің жартысынан көбін жұмысқа арнайды, дәл сол уақытта ол жеке өмірімен қалай қош айтысқанын да байқамай қалады. Туған-туыстарынан алшақтап, өмірі мағынасыз күйге түседі. Яғни, жұмысқа тым берілу – адам баласы үшін зиян болғаны.
Мұндай тұжырымды АҚШ ғалымдары да дәлелдеген. Мамандардың айтуынша, жұмысқа тым берілегндіктен адам физиологиялық тұрғыдан да, моральдық тұрғыдан да зардап шегеді.
Америкалық социологтар бүгінгі заманның адамдарын жұмысқа тым берліген дейді. Алайда жұмысты кім үшін істеп жатқандарын адамдардың өздері де білмейді. Тіпті, көбі үшін жұмыс «мәңгі» үрейдің негізі, күйзелістің, тозған жүйкенің авторы.
«Жұмыстың кесірінен адамның тәні де, жаны да зардап шегеді, тіпті зейнетке шыққанынң өзінде өмірінің жарты уақыты кеткен «азап» күндері адамның миын еш уақытта тынықтырмайды», дейді ғалымдар.
Олардың сөзінше, заманауи адамдар жай ғана жұмыс істеп қоймайды. Бір-бірімен жарысып, озып шығуы үшін, табысты күн үшін өздерін құрбан етеді. Мансабы үшін адам баласы бар күшін сарп етеді, уақытын өлтіріп алады.
«Бүгінгі күннің адамдары өмір сүрмейді, жұмыс істейді. Туған-туыстарынан гөрі уақытының көбі жұмыстағы әріптестерінің жанында өтеді. Ол туғандардың арасындағы байланыстың үзілуіне әкеліп соғады. Сондай ақ, адам баласының психикасы да іштен бүлінеді», деп қостады зерттеушілер жұмысқа берілген адамдар жайында.
Шолушы: Гүлім Жақан