АҚШ-та конгрессмен-республикашылдарды атып кетті

/uploads/thumbnail/20170710121813184_small.jpg

Республикашыл конгрессмен Стив Скализ Александрия қаласындағы атыста жараланды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Атыс жасаған адамның өзі ауыр жарақаттанып, ауруханада көз жұмды.

 Fox News телеарнасы сенатор Майк Лиге сілтеме жасап оқ Скализдің  жамбасына тигенін және екі полицей мен конгрессменнің көмекшісі жараланғанын хабарлады.

Полиция 5 адамның зардап шеккенін растады. Оның ішінде атыс жасаған адам да бар.

АҚШ президенті Дональд Трамп Твиттерде Стив Скализдің жарақаты өмірге қауіп төндіріп тұрмағанын хабарлаған.

Шабуылдың мақсаты туралы полиция әлі ештеңе айтпады. 15 маусымға жоспарланған сенатор мен республикашылдар арасындағы өтетін бейсболдан жарыс алдында конгрессмендер мен сенаторлар жаттығып жатқан уақытта атыс басталды.  

Оқиға орын алған кезде көрші бейсбол алаңында болған конгрессмен-республикашыл Моррис Брукс Си-эн-эн-ге шабуылдаушы винтовкадан атқанын және 50-ден 100 мәрте оқ атқанын хабарлаған. Ол шабуылдың кездейсоқ емес алдын-ала жоспарланғанына сенімді екенін айтады.

«Адамдар мұнда республикашылдардың бейсбол командасы жаттығатынын біледі. Біздің ол жерде ойнайтынымыз құпия емес» деді Брукс.

Куәгерлердің әлеуметтік желіге жазғаны бойынша, оқиға орнына келген полиция өкілдерінің қарасы қалың.  

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

 

Қатысты Мақалалар