Сиам егіздері туған күндерінде ғажайып сыйлық алды

/uploads/thumbnail/20170710121841845_small.jpg

Сиам егіздері өміріндегі алғашқы туған күніне керемет сыйлық алды. Олар өмір сүруге мүмкіндік алды. Дәрігерлер кішкентай Эрин мен Эбби Деланиді 11 сағатқа созылған операцияда сәтті екіге бөлді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі The Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Қыздардың бастарының жоғары бөлігі қосылып кеткен. Мұны «паразитарлы краниология» деп атайды және ол өте сирек кездеседі. Операция Филадельфиядағы балалар ауруханасында өтті. Аталмыш аурухана бұған дейін дәл осындай 23 операцияны сәтті жасаған.

Операцияны түрлі саладағы 30 маман жасады. Топтың құрамына – дәрігерлер, мейірбике, нейрохирургия, пластикалық және реконструтивті хирургияның дәрігерлері мен анестезиология мамандары кірді.  

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар