Уинстон Хоус өзінің жұбайы Джанеттпен 33 жыл бірге өмір сүрген. Ерлі-зайыптылардың таныстары мен көршілері олардың қарым-қатынасына қатты таңқалатын. Ешкім ешқашан екеуінің ұрысып сөзге келгенін көрмеген екен.


Осыдан 20 жыл бұрын Джанетт аяқ асты көз жұмған. Уинстонның көңілі жай таппай, сүйіктісіне арнап бірнәрсе жасау керек деп шешкен.
Ер адам емен отырғыза бастаған. Адамдар оны көңілін осылай аулайын деген шығар деп ойлаған. Сондықтан ешкім оған мән бермеген.

Барлығы 6000 ағаш Джанеттің туған үйінің жанында отырғызылған. Жиырма жыл өткен соң ғана Уинстонның көршілерінің бірі әуе шарына отырған кезде мына көріністі байқаған.

Кәдімгі орманның ортасында жүрек екшеленген. Жүрек ортасында нарцисттар өскен екен. Мүмкін Уинстон бұл көріністі сүйіктісі жоғарыдан байқап, көрсін деген шығар...
