Алматыда 15 маусым күні түнде ірі жол апаты болып, жаяу жүргінші қаза болды.
Оқиға Райымбек көшесінің бойында болды. Белгісіз жүргізуші батыс бағыттан келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол жүргіншіні 10 метрге дейін сүйреп әкеткен. Қатты соққыдан ер адамның денесі бөлшектеліп қалды. Кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Мамандар тексеріс жүргізіп, жеңіл көлік қаққанын айтты. Оқиға болған жерде бейнебақылау камерасы бар. Сол арқылы кінәлі жүргізушнің кім екенін анықтауға болады.