Алматыда ардагерлер үйінің бір сұмдығын емделуші қариялардың бірі айтып берді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710122253810_small.jpg

Алматыдағы ардагерлер үйіндегі қарияларға газет сатқызып, ақша мәжбүрлейтіндігі жайында емделуші қарттардың бірі айтып берді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Instagram желісінде ztb_video тобында ардагерлер үйіндегі шындықтың бетін ашқан видео жарияланды.

Видеоны жолдаушылардың бірі көшеде көрген оқиғасымен бөлісіп, оны видеоға түсіріп интернетке жолдаған. Көшедегі қариялардың бірі қақпаның артқы жағында тұрып әрі-бері өткен адамдардан газет сатып алуын өтінген. Куәгерлердің айтуынша, оларды ардагерлер үйінің қызметкерлері қинап осындай іске салады екен.

«Бұл көрініске мән бермей өтіп кете алмадым. Қақпаның ар жағында тұрған бұл қарт кісі көшеде өткен адамдарға газет көрсетіп, оны сатып алуларын өтініп тұрды. Алайда, адамдар олардың сөздерін құлақтарына да ілмеді. Не болғанын сұрайын деп барғанымда, ол кісінің бір газетті 35 теңгеден сатып тұрғанын білдім. Алайда, неге? Белгілі болғандай, бұл ардагерлер үйі екен және бұл жерде ақшасы жоқ ардагерлерді осылай ақша табуға мәжбүрлейді екен. Сонымен қатар, олардың алатын зейнетақысын да біреулер алып қоятын тәрізді. Олар осында тұрады, күніне үш күн тамақтандырады, киіндіреді. Бірақ, кім сәл ғана кешіксе аш қалады екен. Жақын маңда тұратын адамдар оларға аздап тамақтар алып келіп, көмектесіп тұрады екен. Неге ардагерлер, зейнеткерлер мұндай жұмыс атқарып, өткен-кеткен адамдардан тамақ алып келуін тілейді? Мұндай сорақылықты жоятын адам жоқ па? Алматы, Момышұлы даңғылы, Ардагерлер үйі», - деп жазады видео авторы.

Шолушы: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар