ХАЛЫҚ БАНК ҚАЗКОММЕРЦБАНКТІ ТҰТАСТАЙ САТЫП АЛДЫ

/uploads/thumbnail/20170710122316022_small.jpg

Қазкоммерцбанктің ірі акционерлері Халық Банкімен сату-сатып алу келісімшартына қол қойды деп хабарлайды Qamshy.kz

2017 жылғы 14 маусым, Алматы – Бұл хабарламамен «Казкоммерцбанк» АҚ («Казкоммерцбанк») бүгін К.Х.Рақышев мырза мен «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ («Халық банкі») арасында, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ-ы («Самұрық-Қазына») мен Халық банкі арасында сату-сатып алу келісімшарттарына қол қойылғаны жөнінде хабарлайды және осы шартқа сәйкес К.Х.Рақышев мырза мен Самұрық-Қазына қоры өздеріне тиесілі Қазкоммерцбанктің акциялары пакетін Халық банкіге әр пакетін 1 теңгеге сататын болды.  

Аталған сату-сатып алу келісімшарттарына қол қою 2017 жылғы 2 маусымда ҚР Үкіметімен, ҚР Ұлттық Банкпен, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ, Халық Банкі, «БТА Банк» АҚ және Қазкоммерцбанк пен К.Х.Рақышев мырзамен қол қойылған Шекті Келісіммен қарастырылған. 

Осы Мәміленің аяқталуы алдын-ала қарастырылған бірқатар шарттардың орындалуына байланысты, олар: 

•         «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ның «БТА Банк» АҚ-нан жекелеген активтері мен талап ету құқығын сатып алуы;

•         БТА Банктің Қазкоммерцбанк алдындағы 2,4 трлн теңге шамасында ссудалық берешегін өтеуі;

•         Н.С.Субханбердин мырзаға және «Орталық-Азия инвестициялық компаниясы» АҚ-на тиесілі Қазкоммерцбанктің акциялар пакетін К.Х.Рақышев мырзаның сатып алуы және кейін оларды Халық банкіге сатуы;  

•         Қазақстанда бақылаушы органдардан стандартты және қолданылатын өзге де заңды рұқсаттарды алуы.  

 

Мәміле жабылған соң Халық банк 96,8% үлесімен Қазкоммерцбанктің негізгі акционері болады. 

Аталған Мәміле 2017 жыл ішінде аяқталады деп күтілуде.

Қатысты Мақалалар