Есімін жасырған стюардессалар жеке ұшақтағы дәулетті адамдардың талаптары мен оғаш қылықтары туралы айтып берді

/uploads/thumbnail/20170710123227251_small.jpg

Байлар мен халыққа белгілі адамдар жеке өмірін құпия ұстауға тырысады. Жабық аралдарда демалып, жеке ұшақпен ұшады. Алайда олар өздері туралы ақпараттың сыртқа шықпауын үнемі қадағалай алмайды. Чартерлік сапарда қызмет көрсететін стюардессалар аталмыш адамдардың талаптары мен оғаш қылықтары туралы айтып берді.

Жеке авиацияда ұшуға екі күн қалғанда барлық дайындық жұмыстары басталады. Тапсырыс берушінің талғамы мен талаптарына сай қажетті заттар сатып алынады. Тағамдар мейрамханадан әкелінеді. Кейде жолаушы тура ұшатын уақытта өзі алдын-ала тапсырыс бермеген тағамды немесе сусынды ішкісі келетінін айтады екен. Мұндай сәтте жолаушының қалауы міндетті түрде орындалуы тиіс.

Ұшақтың ұшу уақытын кешеуілдету

Кейде алдын-ала келісілген адам саны өзгеріп кететін сәттер болады екен.  Мәселен, ұшақ қызметкерлері үш адамға қызмет көрсетуге дайындалса, олардың саны алты адамға көбейеді. Ол уақытта резервтегі тағамдарды пайдаланады. Ұшу уақытында тамақ бітіп қалатын кездер де болады.

Стюардессалардың бірі басынан өткен жағдайды еске алды. Белгілі кәсіпкер әйел жеке ұшағымен бір жерге ұшпақшы болған. Әйел тек Coca Cola light-ті ішетінін және басқа сусындарды тұтынбайтынын ескерткен. Аталмыш сусын бірнеше уақыттан кейін бітіп қалған. Ал діттеген жерге жету үшін әлі біраз уақыт керек болған. Стюардесса қалған сусындарды бір-біріне қосып, сумен араластырғанын айтады. Жолаушы әйел оны сезбеген. Стюардесса әлі күнге дейін сол әрекеті үшін ұялатынын айтады.

Кіммен жұмыс істеу жеңіл?

Стюардессалар бай мен халыққа танылған адамдармен жұмыс істеу оңай екенін айтады. Бұл ақша немесе танымалдылығына байланысты емес екенін айтады. Себебі, олар көп жағдайда уақытты ұйықтаумен өткізеді. Ал эконом-класста отырып баратын адамдар өзіне ерекше қарым-қатынасты қалайды.

Дәулетті жолаушылар өздерінің шектен шыққан талаптарына жауап берген стюардессаға қомақты көлемде сыйақы тастап кететін жағдайлар болған.

Танымал жолаушы ұшудан қатты қорқады. Стюардесса ұшу уақытында оны тыныштандырып, қолынан ұстап, маңдайындағы терін сүртіп отырғаны үшін, осының барлығын сабырлықпен, сыпайы қалыппен атқарғаны үшін дәулетті адам оған пәтер сыйлаған екен.

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар