Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры ауысты

/uploads/thumbnail/20170710124628748_small.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Серік Жайлауұлы Пірәлиев зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Такир Оспанұлы Балықбаев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.

Қатысты Мақалалар