Дүкендегі сатушылардың тұтынушыларды қалай алдайтыны белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170710160901252_small.jpg

Көптеген адамдар базар мен шағын дүкендердегі сатушылардың түрлі сұмдық әрекеттерін көзге іле бермейді. Бір жағынан оған үйреніп қалған десе де болады. Ал үлкен сауда орталықтарында арам айлаға баратын сатушылар алдаудың түрлі тәсілдерін біледі.

Электроника дүкендері

1. Танымал брендтің барлығы дерлік өз тауарларының жасанды түрін кезіктіріп жатады. Кезіктіре  салысымен  тауарларын дүкендерден шығарып тастайды. Ал артынан ақауды жойғаннан  кейін өнімдерді дүкендерге  қайта жеткізіп, 30-50 пайыз жеңілдікпен сатылымға шығарады. Ал  тұтынушыға ауызша тауардың қайтарымға жарамайтынын айтады.

2. Маңызды : сатып алушыға тауардың кемшілік тұстары егжей-тегжейлі  айтылған жағдайда ғана тұтынушы ақаулы, сынған  тауарды дүкенге  қайтара алмайды. Ал бракқа шығарылған тауарды REF-Refurbished жапсырмасы арқылы ажыратуға болады.

Іш киім сататын дүкендер

3. Іш киім сататын дүкендердегі сатушылардың әрекеті одан да жаман. Олар базардан арзан бағаға іш киім сатып алып, қымбат киідердің арасына қосып қояды. Екі киімнің бағасының айымашылығы аспан мен жердей. Ал сатып алушылар өздерін бағалы брендтің өнімін алып жатырмыз деп ойлайды.

Азық-түлік дүкендері

4. Азық-түлік дүкенінде жұмыс істейтін көптеген сатушылар басшылықтың тапсырмасымен тұтыну уақыты өтіп кеткен заттарға екінші өмір сыйлайтынын айтады. Мерзімі өткен тауарлардың ішінде шұжықты арнайы тазалайтын құралмаен тазартып, тұтынушыға қайта ұсынады.

5. Ал тұтыну мерзімі өткен азық-тұлікті сату қолдарынан келмесе, өндіріс орнына қайта жөнелтеді. Сол жерде мерзімі өткен шұжық пен балғын өнім араласып, қайтадан жеуге жарамды болып шығады. 

6. Жемістер мен көкөністер кеуіп кеттетін қасиетке ие. Сондықтан алдын-ала әрекет ететін сатушылар олардың салмағын өлшеп, бөлек қалташаларға салады. Сол арқылы өнімнің салмағы азайса да бастапқы салмағымен өлшеніп, сатылады.

7. Суға қатыру. Балық, теңіз өнімдері,  көкөністер сумен араласып, қатып қалады. Ал су қатқан кезде өнімнің 30-40 пайызын алады. Яғни, өнімнің салмағын арттырады.

8. Жаңа мұздатылған балықты тұтыну мерзімі өткен балықтан жасайтынын екінің бірі біле бермейді.

9. Ал тауарды таразыға өлшеген кезде сатушылар сиқыр қолданады десек те болады. Электронды таразыларға гигиеналық мақсатта қалташалар қолданылады. Ал сол қалташаның бір шеті таразының бойына жапсырғышпен байланған. Таразыға бір затты өлшеуге қойғанда қалташа созылады немесе сатушы өзі созады. Сол кезде тауардың салмағы артады.

10. Кассада сатушы қулыққа барып жатады. Бір затты екі рет есептеген жағдайда сатушы бірер секундқа тоқтап қалады. Сол уақытта компьютердегі жүйені реттейді.  

 

Дайындаған: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар