Д.Абаев өз есебінде Министрліктің отандық БАҚ құралдарын, соның ішінде мемлекеттік телеарналарды жаңғырту шараларын жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. "Бүгінде отандық телеарна контенті шетелдік стандарттарға сай дамып жатыр"- деп атап өтті министр. Отандық телеарналардан «Хабар 24» арнасы маңызды ақпараттарды жеткізумен айналысатынын жеткізді. Сонымен бірге, министр «Қазақстан» арнасын да маңызды ақпараттарды тарататын талдау форматындағы телеарна деп атады. «Наурыз айында отандық сериалдарды көрсететін «Еларна» жаңа арнасы іске қосылды. Бүгінгі таңда отандық сериалдарға қызығушылық артуда»-дейді министр Д.Абаев.
«HD форматындағы телевизияны дамыту мәселелері қарастырылып жатыр. Шалғай аудандардағы цифрлық телевизия мәселелері қолға алынып жатыр. Бүгінде Республика елді-мекендері 77%-ға цифрлық телевизиямен қамтылды. Отандық спутниктік телевизия басымдық беріп отыр. Баспасөз саласында «Егемен Қазақстан» мен «Каз Правда» газеттерінің форматы түрленіп, түрлі-түске көшірілді»-деп атап өтті министр өз есебінде.
Шолушы: Назерке МҰСА