Жекешелендірудің «екінші толқынын» іске асырудың нәтижелері

/uploads/thumbnail/20170710160903924_small.jpg

Жекешелендірудің «екінші толқынының» шеңберінде 2014 жылдың маусымынан бастап барлығы 569 объекті сауда-саттыққа шығарылып, 447 объекті 125,4 млрд. теңгеге сатылды, оның ішінде:

республикалық меншік бойынша – 33 объекті сауда-саттыққа шығарылып, 29 объекті 10,8 млрд. теңгеге сатылды;

коммуналдық меншік бойынша – 270 объекті сауда-саттыққа шығарылып,  214 объекті 19,2 млрд. теңгеге сатылды;

әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бойынша – 122 объекті сауда-саттыққа шығарылып, 107 объекті 6,8 млрд. теңгеге сатылды;

ұлттық холдингтер мен компаниялар бойынша – 144 объекті сауда-саттыққа шығарылып, 97 объекті 88,6 млрд. теңгеге сатылды.

Қазіргі уақытта қолданыстағы Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына 878 енгізілген (түгендеу нәтижесі бойынша қосымша енгізілгендерді есептегенде), оның 217-сі сатылған.

Сатылған 217 объектінің 18-і республикалық меншікт объектілері, 106-сы коммуналдық меншік объектілері, 93-і квазимемлекеттік сектор объектілері.

 

Қатысты Мақалалар