ЭКСПО-да Қазақстан павильондарының бірінде, нақтырақ айтар болсақ, «Нұр Әлем» салаларының бірінде әйнектер шытынай бастады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Аталмыш жайтқа дәлел ретінде әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Youtube желісіне шытынаған әйнектерді видеоға түсіріп, жолдаған. ЭКСПО көрмесін тамашалағандардың көбісі шытынаған әйнектердің көп екендігін айтып, пікірлер білдіруде.
"Мен онда бір апта болдым, бұл видео монтаж емес, шытынаған әйнектер шынымен де өте көп", - деп жазады желі қолданушыларының бірі.
Бірнеше күн бұрын саяхатшылар қазақстандық павильонның бірнеше аймағына кірер жолдың жабық екендігін айтып, шағымданған болатын. Адамдарды ол жерге кіргізбей қойған.
Шолушы: Назерке Лабихан