Қырғызстан премьер-министрі шенеунікті жиналыстан ұрсып қуып жіберді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710160909746_small.jpg

Қырғыз елінің премьер-министрі Сооранбай Жиенбеков жиналысқа дайындықсыз келген шенеунікке ұрысып, жиналыстан ұрсып қуып жіберді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

«Әне, не істерін білмей отыр. Қазір сені жұмыстан шығарып жіберсем, Жиенбеков мені еш негізсіз жұмыстан қуып жіберді деп айтасың. Қаншама қаржының мәселесі талқыланып отыр, неге дайындықпен келмейсің? Шық есіктен!» - деп ашуланып, қуып жіберді.

«Құрылыс мамандары өздерің жағдайдың қандай болып жатқандығын білмейсіңдер. Ұят емес пе? Сен премьер-министр қатысатын үлкен жиналысқа келіп отырсың», - деп жалғастырды сөзін премьер-министр.

Өз әріптестерінің көзінше масқара болған шенеунік премьер-министрден кешірім сұрап, жағдайды түсіндірмек болғанымен еш нәтиже болмады.

Жиналыс «Елдегі кедейшіліктің алдын алу» тақырыбында өтіп жатқан. Премьер-министр Сооранбай Жиенбеков архитектура және құрылыс мемлекеттік агенттігінің директор орынбасарын Алмазбек Әбдіқадыровты қуып жіберген.

Естеріңізге сала кетсек, Сооранбай Жиенбеков Қырғызстанның президент тағына үміткерлердің бірі болып табылады.  

Шолушы: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар