Данияда «Гриндадрап» аталатын фестиваль өтті. Бұл Еуропадағы ең сорақы әрі қорқынышты шара. Жыл сайын аталып өтілетін мейрамда кит аулаушылар 100-деген қара дельфиндерді өлтіреді. Сол арқылы теңіз қызыл түске боялады. Әзірге жануарлар қорғаушы қауымдастықтар мұндай сұмдыққа тосқауыл қоя алмаған.
Жыл сайын қара дельфиндер Фарер аралдарының жағасына келеді. Жыл сайын оларды балықшылармен кит аулаушылар күтеді. Олар дельфиндерді аяусыз найзалармен ұрып өлтіреді.

Ал фестивальге қатыспайтындар сырттан бақылап тұрады. Осы жылы бұл фестиваль 16 маусымда өтті.

Бұл фестивальдің шығу тегі сонау ерте кездерден бастау алады. Баяғыда Фарер аралдарында қмір сүретін аборигендер бұл жердегі қыстың қатал болуына байланысты дельфиндердің етін азық еткен. Алайда бүгінгі күні заман өзгеріп дельфин еттері азық ретінде қолданылмаса да оларды қыру әлі де жалғасын табуда.
Шолушы: Назерке МҰСА