Атырау облысындағы ескі қорғаннан 2 мың жыл бұрынғы жәдігерлер табылды

/uploads/thumbnail/20170710160915184_small.jpg

Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы көне қорғандарға археологиялық қазба жұмысын жүргізіп жатқан студенттер осыдан 2 мың 200 жыл бұрын жерленген адамдардың қаңқасын тапты. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы аумағы 50, биіктігі 1 жарым метр болатын қорғаннан алтын бұйымдар қоладан жасалған айна, моншақ-әшекейлер, семсер мен садақ жебелері шықты. Тарихшы ғалымдар  «бұл бұйымдар біздің дәуірімізге дейінгі 2-ғасырға, яғни Темір дәуіріне тиесілі» деп отыр. Жалпы Сармат қорғандарының құпиясын ашу облыс аумағында 2005 жылдан бері жүйелі түрде жүргізіліп келеді.  Бұған дейін осы Қарабау ауылы маңайынан «Қорғанша» қаласының да орны табылған болатын. Жергілікті археологтардың биылғы қазба жұмыстары да жемісін бере бастады. «Жалпы облыс бойынша әлі зерттелмеген жүзден астам көне қорған бар», - дейді археологтар.

Марат Қасенов, археологиялық топтың жетекшісі:  - Қарабау обаларының ерекшілігі сонда, бұл сармат дәуірінің Каспий ойпаты мен Батыс Қазақстандағы көптеген обаларға ұқсас. Бір обадан 3 қабір табылып отыр. Сонымен бірге әлі де қазба жұмыстарын жалғастырсақ, 6-7 қабір болады. Біз тек қана қазір бір ғана обаны тазалап үлгердік.

Шолушы: Айгерім Таубай

 

Қатысты Мақалалар