ШҚО-да анасы алдымен 3 баласын өлтіріп, кейіннен өзіне қол жұмсаған, себебі...

/uploads/thumbnail/20170710161105186_small.jpg

Бүгінде тұрмыстағы қиындық салдарынан кісі өлтірген 300 әйел колониядын жазаларын өтеуде.

ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов ведомствоаралық отырыста тұрмыстық қиындықтардың зардабын тартқан отбасыларға қатысты сөз қозғады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысында әйел адам алдымен 3 баласын өлітріп, кейіннен өзіне қол жұмсаған. Себебі күйеуі әйелін 11 жыл бойы сабап келген. Күйеуі ғана болса мейлі дерсің, күйеуінің ағасы мен әкесі де қалыспаған.

Түркістанда ер адам 6 жақынының жанын алмақшы болған – анасы, әйелі, 5 жастағы қызы, ұлы мен екі бауырын. Анасы мен бір бауыры аман қалып, қалған төртеуі ер адамның қолынан қаза тапқан.

Астанада күйеуі әйеліне жанармай құйып, тірідей өртеп жіберген. Соның салдарынан 4 бала анасыз қалды.

Жосалыда күйеуі өзінің сөзінен аттаған әйелін атқа байлап, аттың шабуына әрекет жасаған. Оған шыдамаған нәзік әйел заты қайтыс болды.

2015 жылғы статистикаға сәйкес тұрмыстық қиындықтар салдарынан 308 адам қаза тапты. Бәрі қасақана өліммен болған жәйттер.

Тұрмыстық қиындықтың басқа да түрлері кездесіп жатты.

Екібастұз тұрғыны 11 жастағы туған қызын 2 жылдан бері зорлап келген. Тіпті әрекетін видеоға түсіріп, желіге салды. Ол аздай, қызын саудалағнын қайтерсіз...

Өз қызы мен күйеу баласының соққысына шыдамаған Алматылық тұрғын асылып өлді.

2017 жылдың өзінде тұрмыстық қиындық салдарынан 316 әйел көз жұмды. Бүгінде адам өлтірген деген айыппен 300 әйел колонияларда жазаларын өтеуде. Соның салдарынан талай отбасы құрдымға ұшырады, балалар жетім қалды.

«Көбіне қиындықтар жұмыссыздықтың салдарынан болады. Алайда байлық та ұйып отырған отбасының түбіне жетпей қоймайтынын ескере кеткен жөн. Еркектердің көбі бар тапқан табысын қыдыруға, ішімдікке, нашақорлыққа, құмар ойындарға құртады. Әрине, бұлардың бәрі аламның психологиясына кері әсерін тиігзбей қоймайды. Соның салдарынан әйеліне барып соқтығады немесе баласын қорлайды.

Мұндай қиындықтар ненің себебінен туындайды?

Отбасындағы қиындықтар бұрын соңды ашық айтыла бермейтін. Әлеуметтік мәселе ретінде де қарастырылмаған. Адамдар «отбасы – қоғамдық емес, жеке мәселе» деген позицияны жақсы ұстанған. Себебі қазақтың бойына сіңген тәрбие, өнеге еді.

Қазақтарда сөз бар: «Анасына қарап, қызын ал». Алайда таяқтан көзін ашпаған әйел адамнан қандай жылулық, қандай махаббат сезімін күтуге болады? Ұрыс-керіс, жанжалдың ортасында өскен баладан қандай тұлға шығады? Дұрыс тәрбиеленбеген балаға қоғамнан өз орнын табуы қиынға соғатыны анық.

Зорлық – бүгінгі таңда жеке мәселе емес, ауқымы кеңейген. Жұмыссыздық, құқық бұзушылық әрекеттер, жұмыстағы қиындықтар – бәрі отбасылық жағдайға әсер етпей қоймайды. Сол себепті мемлекет тұрмыстық қиындықтарды да ескеріп, шара қолдануы керек», деді Бас прокурор.  

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар