Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылық кезеңі аяқталды

/uploads/thumbnail/20170710161103967_small.jpg

Қазақстанда тәуелсіздіктің 25 жыл толуына орай жарияланған рақымшылық аяқталды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Sputnik-ке сілтеме жасап.

Рақымшылыққа байланысты 1200 жазасын өтеуші бостандыққа шықты және 2269 жазасын өтеушінің жаза мерзімі қысқартылды. Қоғамнан оқшауланбаған сотталғандардың 6700-не рақымшылық жасалды.

Рақымшылыққа байланысты бостандыққа шыққандардың 100-ден астамына жұмысқа тұруға көмек көрсетілді.

Қазақстандағы рақымшылыққа байланысты "Астана ЭКСПО-2017"  ұлттық компаниясының құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсенов бостандыққа шықты. Ол ЭКСПО аясында ақша жымқырды деп айыпталып, екі жылға бас бостандығынан айырылған. Бұрынғы ауылшаруашылық вице-министрі 100 мың теңге көлемінде пара алды деп айыпталып, 10 жылға жазасын қатаң түзету мекемесінде өтеп жүрген. Бұдан басқа полицейге нәжісін шашқан Қайрат Елубаев бостандыққа шықты. Экс премьер-министр Серік Ахметовтың жаза мерзімі қысқартылды. Тұңғышбай Жаманқұловтың жаза мерзімі 7 жылдан 3 жыл 7 айға қысқартылды. Сот Журналистер Одағының бұрынғы басшысы Сейтқазы Матаевтың да жаза мерзімін 6 жылдан екі жылға қысқартты.

 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар