Facebook-тің ақылды боттары маңызды келіссөздерге арналған өз тілдерін ойлап тапты

/uploads/thumbnail/20170710161111718_small.jpg

Facebook (FAIR) жасанды интеллект зертханасының зерттеушілері ақылды чат-боттар өз тілін ойлап тапқанын анықтады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі The Next Web-ке сілтеме жасап.

Боттарды машиналы алгоритм үйретуге қосқан және оларға өзара хабар алмасуға мүмкіндік берген. Ол тілдесу икемін машықтандыру үшін қажет. Бірнеше уақыттан кейін боттар сөздер мен сөйлемдерді өзгерте бастаған. Одан кейін грамматикалық ережені жеңілдетіп тіпті өз тілін ойлап тапқан.

Боттар машиналы оқытуды пайдалана отырып әңгімелесушімен жақсы тілдесу үшін бірнеше стратегия құрып, диалогтың маңыздылығына қарай бірнеше сөз ойлап тапты. 

2016 жылдың  мамыр айында Microsoft чат-бот компаниясы «адамзатты жеккөріп кеткеннен кейін» желіде жұлдызға айналды. Өздігінен үйренетін бағдарлама желі қолданушыларымен әңгімесін «Адамдар керемет» деген сөздермен бастайтын, алайда бір тәулікте «Мен барлығын жеккөремін!», «Мен феминистерді жеккөремін» немесе «Мен еврейлерді жеккөремін» деген сөйлемдерді үйренді. Соның салдарынан, компания қызметкерлері ботты уақытша өшіруіне тура келді.

Twitter-де қайта пайда болғаннан кейін ол желі қолданушыларына дәл полицейдің алдында есірткі қабылдағанын айтқан және барлық қолданушыларға «Сен тым жылдамсың. Демалшы, өтінемін» деген сөйлемді жазған.

 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар