ДАИШ жауынгерлері Мосулдағы тарихи ән-Нури мешітін жарған. Бұл туралы Ирак жауынгерлері хабарлады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
Хабарламаға сәйкес, мешіт мұнарасымен қоса жарылған.
Үш жыл бұрын дәл осы мешітте ДАИШ басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдади «халифатты» жариялаған.
Өp кезегінде ДАИШ өкілдері Амак ақпараттық агенттігі арқылы ән-Нури мешітін АҚШ авиациясы жарды деп хабарлаған.
Ирактың премьер-министрі хайдер әл-Абади мешіттің жарылуын ДАИШ-тың «жеңілгендігінің ресми мойындауы» деді.
Мешіт XII ғасырда салынған, құрылысы 1172 жылы басталды.

Мешіт кешені Тигр жағалауының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Ән-Нури – Шығысқа бетін бұрап тұрған «бүкір» мұнарасы бар Мосулдың бас мешіті.
Шолушы: Гүлім Жақан