Лондонда мыңдаған адам Британияның ұстанып отырған саясатына қарсы митингіге шықты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі РИА-ға сілтеме жасап.
Қарсылық акциясы күндіз Лондонның шығысында премьер-министр резиденциясы мен парламент алаңында өтті. Оның қатысушылары биліктің Grenfell Tower тұрғын үйінің неліктен өртенгенін анықтауды талап етті.
Жүздеген адам Парламенттік алаңға жиналып, сәрсенбі күні премьер Тереза Мэйдің басшылығымен министрлер кабинетінің елге таныстырылған бағдарламасының жұмысына өз наразылықтарын білдірді. Grenfell Tower-дегі өртте зардап шеккендерге қолдау білдіріп, «Кедейлердің өмірі де маңызды» деп ұрандады.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет