Британдық танымал физик Стивен Хокинг өзге ғаламшарға көшудің қажетттілігін мәлімдеді. Ол Норвегияда өткен Starmus халықаралық ғылым фестивалінде осындай мәлімдеме жасаған. Бұл туралы Қамшы ақпаратттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.
«Адамдар Жерден кетуі керек екеніне сенімдімін. Жер біз үшін тым тар болып барады. Біздің физикалық ресурстарымыз күннен-күнге азаюда»-деді ол.
Ғалымның пікірінше, жақын арадағы 30 жылда Айда база салынады, ал 50 жылдан кейін Марста салынады. Адамдардың өзге планетаға көшуі проблемалар мен жаһандық жылыну мәселелерін шешпек.
Шолушы: Назерке МҰСА