Алматының бірнеше ауданында 3 күнге ыстық су өшіріледі

/uploads/thumbnail/20170710161121749_small.jpg

Суды жұманың таңында өшіріп, жексенбінің кешінде бірақ қосады.

Алматы қаласында жылу жүйелерін қайта құру салдарынан Желтоқсан көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, соның салдарынан жолдар жабылып, кейбір үйлердің ыстық суы өшіріледі, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

23 маусымда сағат 9:00-ден 26 маусымның түүнгі 23:00-ге дейін Желтоқсан көшесіндегі көлік қозғалысы тоқтайды. Желтоқсанмен қиылысатын Шевченко, Қарасай батыр, Әйтеке би және Мақатаев көшесінен Мәметоваға дейінгі жолдар жабылады.

Сол уақытта төмендегі қиылыстар бойынша бірнеше тұрғын кешендерінде, нысандарда ыстық судың берілуі тежеледі:

-Фурманов – Құрманғазы – Чайковский – Жамбыл;

-Фурманов – Қабанбай батыр – Чайковский – Бөгенбай батыр;

-Панфилов – Қазыбек би – Чайковский – Гоголь;

-Абылай хан – Мақатаев – Чайковский – Мәметова.

«Алматы жылу жүйелері» ЖШС алда боатын қолайсыздықтар үшін тұрғындардан түсіністікпен қарауды сұрайды.

Анықтаама телефондары:  378-06-62; 376-06-42. 

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар