Ресей хакерлері 21 штаттың жүйесін бұғаттауға тырысқан

/uploads/thumbnail/20170710161122327_small.jpg

Ресей хакерлері АҚШ-тың 21 штатының  дауыс беру жүйесін  бұғаттауға  тырысқан. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі bigmer.net ақпараттық сайтының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Министрліктің хабарлауы бойынша дауыстарды санау механизмі зардап шеккен жоқ, алайда әккі хакерлер жүйенің әлсіз тұстарын жіті қадағалаған деседі.  

Бұл туралы АҚШ сенатының  бұрынғы хатшысы Джей Джонсон  аталмыш заңсыздыққа  Ресей президенті Владимир  Путиннің қатысы болуы мүмкіндігін алға тартып, «бұрын-соңды болмаған» әркетке бағалап отыр.

Америка Құрама Штаттарының  қауіпсіздікті қорғау комитетінің айтуы бойынша  қатаң бақылаудағы жүйені бұғаттауға тырысқан хаккерлер Демократиялық  ұлттық комитетке  электронды поштамен хат жолдап та үлгерген көрінеді. 

Шолушы: Ақерке Маратқызы

Қатысты Мақалалар