Ақтөбеде қыз алып қашу барысында көшедегі жолаушылар қызды құтқарып қалды. Қызды ұрламақ болған жігіттердің бірі қызға үйленгісі келген. Алайда ол екеуі бір-бірін мүлдем танымайды.
Бұл туралы Қамшы ақпарат агенттігі Диапазон-ға сілтеме беріп хабарлайды.
Орталық базар маңына келген екі жігіт күштеп қызды көлікке отырғызбақ болады. Сағат кешкі алтыда болған бұл жайт көпшіліктің көзінше орын алған. Куәгерлер бойжеткенді құтқарып қалып, полиция шақыртады.
Қамауға алынған жігіттер 21 жастағы Хромтау тұрғындары екені анықталды. Жігіттердің бірі бойжеткенге үйленгісі келген екен. Жас жігіттер ескі салт бойынша, үйлену ниетінде қызды алып қашпақ болғандарын жеткізді.
Ал 20 жастағы студент қыз жігіттермен мүлдем таныс болмай шықты. Ал жігіттердің қызды біліп, білмейтіні әлі беймәлім болып отыр.
Ал бойжеткен бұл тойға өз келісімін бермеді. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, екі жас жігіттің үстінен «Адам ұрлау» бойынша іс қозғалуда.
Шолушы: Айгерім Таубай