Алматыда бүгін таңертең суицид әрекетіне бөгет жасалды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Алматының ІІД-нің баспасөз хатшылығының мәлімдеуінше, полицияға жас жігіттің өз-өзіне қол жұмсамақ болған әрекеті туралы хабарланған. Жігіт көпірден секірмекші болған. Оқиға орнына полиция, жедел жәрдем, құтқарушылар келген. Полиция қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсамақшы болған жігітпен келіссөз жүргізіп жатқан кезде құтқарушылар жігітті құтқарып ала алған.
Жас жігіт 22 жаста екен. Батыс Қазақстан облысының тумасы. Ол мұндай әрекетке не себепті барғанын түсіндірген жоқ.
Шолушы: Назерке МҰСА