«Адале Хайыр» гуманитарлық қоры лаңкестер қолынан үйіндіге айналған Сирияның Дамаск провинциясы Дума ауданында 600 адамға арналған ауызашар ұйымдастырды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
Айта кетсек, Дума тұрғындары осымен төртінші жыл қатарынан содырлар мен үкіметтік әскер қақтығысының ортасында өмір сүріп келеді. Ауызашар дастарқанына жартылай қираған Думаның жүздеген тұрғыны жиылды. Ал таяуда осындай кешкілік ауызашар 100-ге жуық жетім бала мен мұқтаж жандарға жасалды.
Аталмыш қордың өкілі Муеид Абу Шади Дума ауданында екі күн қатарынан 600 адамға ауызашар берілгенін, онда ет тағамдары, күріш, шырын және жеміс-жидектер қойылғанын хабарлады.
Шолушы: Гүлім Жақан