Қазақстанда қайтарымсыз депозиттер енгізіледі

/uploads/thumbnail/20170710161157183_small.jpeg

ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктермен қайтарымсыз депозиттер енгізу мәселесін қарауда деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі  naryk.kz-ке сілтеме жасап.

Депозиттік бұл түрінің ерекшелігі – жылдық үстемеақысы көп, дегенмен оны уақытынан бұрын шешіп алу мүмкіндігі жоқ.

Данияр Ақышевтің мәліметінше, әлемдік тәжірибеде қайтарымзсыз депозиттер барынша ұзақ мерзімге және жоғары пайыздық үстемемен салынады және ол депозитті қорғаудың қосымша кепілдіктері қамтамасыз етіледі.

«Бұл өз кезегінде банктер үшін де пайдалы. Белгілі бір мерзімге дейін әлгі депозиттік қайта сұралмайтынын білген банктер бұл жағдайда барынша тұрақты қорға ие болады және өзгелерге ұзақмерзімді несие беру мүмкіндігін иеленеді”, – деді Ақышев.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда кез келген банктегі кез келген депозитті салымшы уақытынан бұрын барып шешіп ала алады. Ол ҚР Азаматтық кодексінде қарастырылған. Банк өтініш берілген күннен үш күн ішінде депозит қаржысын қайтарып беруі тиіс.

Сонымен қатар бас банкир Қазақстандық депозитті кепілдендіру қоры жылдық депозит үстемесінің 14 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалдырады.

Айта кетейік, бүгін Ұлттық банк төрағасы зейнетақы жинағын уақытынан бұрын шешіп алу туралы айтқан еді.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар