Қаламгерлердің жазушылық шеберханасындағы ел білмейтін қызықтар

/uploads/thumbnail/20170710161156163_small.jpg?w=398

Қиялымен қалам қайраған жазарман қауымның өмірі кімдерді болмасын қызықтырмай қоймасы анық. Кітап оқып отырып автордың табиғатын, болмысын  танығандай боласың. 

Қарапайым адамдардың бірі ретінде шығармагерлердің де  табиғатына тән  түрлі  әуестіктері, қызығушылқтар, кейде жағымсыз қасиеттері да  болса керек. Тіпті кейбір жазушылар өзіне комплекс жасап алады да соның маңайынан шықпай жүріп алады. Жаратылысқа шек жоқ емес пе?!

Қаламгерлердің табиғатына тән осындай қызықты ақпараттарды шолып өтсек.

Әйгілі ертегіші Ганс Хрестиан Андерсон  түзетуші корректорлар мен қайта өңдеуші  көмекшілерінің көмегінсіз бірде-бір әңгімесін жарияламаған. Себебі Андерсон пунктуация мен орфографияны дерлік мүлдем білмеген және оны қажетсіз деп санаған. Демек, Андерсондық шедеврлердің   дүниеге келуіне  біраз адам көммегі тиген. Анерсон өзін «Балалар әдебиетінің атасы» деп атауын қаламаған. Жазушының ойынша оның ертегілері ересектер аудиориясына да арналған.

Детектив жанрындағы  қарымы мол қаламгерлерлің бірі – Агата Кристи. Жазушыны  Британия патшайымынан бастап күллі ел тұрғындары сүйсініп оқиды. Қаламгерді  Британия халқы  детектив жанрындағы қаламгерлердің эталоны санап,  мақтан тұтады. Британияда оның кітаптарының тиражы Шекспирдің туындыларынан кейінгі  орынға жайғасқан. Бұл рекордттық көрсеткіш.

Қаламымен шарқ ұрып,  қиял орған жазушылардың  да жағымсыз әуестіктері болмады емес болды. Пенде ғой! Пендешілік кімде жоқ. Осындай пендешілігі басым жазушының бірі американдық жазушы Менкеннің осал тұсы ішкілік болған деседі. Жалпы қаламгерлер өз туындылары үшін  қомақты қаламақы алуды қалайды емес пе?!  Алайда  американдық сатирик өз туындыларын бір жәшік араққа да айырбастай берген көрінеді.

Американдық  кинематографистердің сүйікті жазушы  - Эдгор По. Оның туындыларына түсірілген  кинолрдың саны 114-тен асып түседі.

Орыс әдебиетінің көрнекті қаламгері Константин  Симоновтың төлқұжаттағы есімі Кирилл. Кириллдың Константинге айналуы  балалық шақтағы келеңсіз жағдаға байланысты. Әкесінің ұстарасымен ойнап отырған болашақ жазушы тілін  кесіп алады. Соның салдарынан  Р мен Л әріптерін айтуға қиналып, сөздерді дұрыс жеткізе алмай, есімін Константинге ауысырады.  Бұзақы болмастан тыныш жүрсе орыс әдебиетінде Константин Симонов емес Кирилл Симонов есімді жазушы болушы ма еді, кім білсін!

Жазу үстеліне отырған   Редьярд Киплинг  әр елу жол сайын бір стақан су ішпесе жаза алмайтын  көрінеді. Тек қара сиямен ғана жазатын жазушы  түрлі-түсті қаламдарды  суқаны сүймейді екен. Түрлі-түсті қарындаштар ойымды шашыратады деп сенген.

Әйгілі «Жүз жылдық жалғыздығымен» Нобельді алған  Габриэль Гарсиа Маркес  мысықтардың  фанатисті болған. Оның үйінде мысықтан көп нәрсе болмаған деседі. Көптеген оқырмандары да сүйікті жазушысына  жиі-жиі мысықтың марғауларын сыйлайды екен. Туристтердің көпшілігі жазушының музейіне  автор шығармашылғымен танысу үшін емес, «Васек» және «Мураками» есімді мысықтарын тамашалауға келеді екен.

Әңгіме жанрының  шебері Антон Чехов  өз туындыларында ғана емес, шын өмірде де өте әзілқой  болған. Ол өзінің  сүйікті жарын «анакондам», «акрисам», «күшігім» тіпті, «менің жан дүниемнің крокадилі» деп те ерелететін         көрінеді. 

Поляктың ұлы ақыны Адам Мицкеевичтың шығармалық ғұмыры да өте қызыққа толы, тіпті тылсым дерсің. Оның ақындық ғұмыры  төрт-ақ жылға созылған.  Сол аралықта ол өзінің атақты «Пан Тадеуш» баллладасын жазып үлгерген.  Ақынға танымалдылық алып келген аталмыш туындыны бір күнде таңертеңнен ала кешке дейін жұрттың көзінше тік тұрып жазып шыққан деседі.

Дайындаған: Ақерке Маратқызы 

Қатысты Мақалалар