"Алтын Орда" базарының экс-басшыларына іздеу жарияланды

/uploads/thumbnail/20250526115707598_big.webp

"Алтын Орда" базарының бұрынғы басшылары Қанат Алмабек пен Данияр Әбдіғапаровқа іздеу жарияланды. Екеуі де 2025 жылғы 23 мамырдан бастап іздеуде.

ҚР Ішкі істер министрлігінің дерегінше, Қанат Алмабек — 1984 жылғы 10 сәуірде туған, Қазақстан азаматы, ұлты — қазақ. Іздеу ісі Алматы облысы бойынша тіркелген. Іздеуді бастаған орган — ІІМ, ал тікелей іздестіру шараларын Қарасай аудандық полиция басқармасы жүргізуде.

Сол секілді, Данияр Амалбекұлы Әбдіғапаров — 1982 жылғы 1 наурызда туған, Қазақстан азаматы. Ол да үш күннен бері іздеуде. Іздеу Алматы облысы бойынша тіркеліп, іздестіруді Қарасай ауданының полициясы жүргізіп жатыр.

Екі азаматқа қатысты құқық қорғау органдары аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен тергеу жүргізіп жатыр. Олардың қылмыстық топ құрамында әрекет еткені, сондай-ақ “Алтын Орда” базарындағы сауда нүктелерін рейдерлік жолмен тартып алу, жемқорлық және мүліктік алаяқтық фактілеріне қатысы болуы мүмкін екені айтылуда.

Айта кетейік, “Алтын Орда” базары — Алматы мен Алматы облысы арасындағы ең ірі сауда хабтарының бірі. Бұл базар төңірегіндегі ұзаққа созылған ықпал үшін күрес құқық қорғау органдарының назарында келе жатыр.

Қатысты Мақалалар