Жылу желілерін жаңғыртуға 100 миллиард теңге қажет – министрлік

/uploads/thumbnail/20250527111853693_big.webp

2025 жылы Қазақстанда 323 шақырым жылу желісін күрделі жөндеу және реконструкциялау жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есіханов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл жұмыстарға жалпы көлемі 89,7 млрд теңге инвестиция тарту көзделген. Соның ішінде 75,7 млрд теңгесі – бюджет қаражаты, ал 14 млрд теңге – кәсіпорындардың тарифтік сметасы шеңберінде қарастырылады.

Бұдан бөлек, биыл қабылданған “Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында қосымша 129 шақырым жылу желісі жаңғыртылмақ. Бұл мақсатқа 98,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Сондай-ақ жылу желілерін қайта құру және жаңғыртудың 56 жобасын іске асыру үшін қосымша 103,3 млрд теңге қажет. Оның ішінде 28 жобаны аяқтауға – 37,3 млрд теңге, ал тағы 28 жаңа жобаны іске асыруға – 66 млрд теңге керек, деді вице-министр.

Қатысты Мақалалар