Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жуалы ауданының №4 мектебі директорының атына қоңырау шалып, өзін агенттік төрағасы ретінде таныстырған белгісіз азаматқа қатысты тергеу жүргізді.
Тексеру нәтижесінде қоңырау шалған адамның Атырау облысында тұратыны және оның жеке басы анықталған.
"Ол өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы ретінде көрсетіп, бұған дейін еңбек тәртібін бұзғаны үшін (жұмыс орнында мас күйінде болғаны үшін) жұмыстан босатылған қызметкерді қайта жұмысқа қабылдауға ықпал етуді сұраған", – делінген ресми хабарламада.
Аталған факті бойынша 8 мамырда Полиция департаменті ҚР ӘҚБтК 73-3-бабы 2-бөлігіне (жала жабу) сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, істі Атырау қалалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотқа жолдады.
Сот процесі барысында азамат кінәсін толық мойындады және жасаған ісіне өкініш білдірді.
14 мамырда сот шешімі бойынша, С. ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.