Ел назарын аударған істің нүктесін кім қояды? Ержан Бабақұмаровтың өлімі бойынша тергеу аяқталды, қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Резонансты материалдарды Бишімбаевқа үкім оқыған судья Айжан Құлбаева қарайды.
Іс сотқа өтті
Астана прокуратурасы қылмыстық істі ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) тергеді.
Күдікті бұлтартпау шарасы ретінде қамауда отыр.
Іс ҚР ҚПК-нің 300–305-баптары талаптарына сай сотқа жолданды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
Судья кім болады?
Столичный соттың баспасөз қызметі істің Арнайы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотқа түскенін хабарлады.
Істі судья Айжан Құлбаева қарайды.
Ол бұған дейін Салтанат Нүкенованың өлімі ісі бойынша экс-министр Қуандық Бишімбаевқа үкім оқыған еді.
Алдын ала тыңдау 19 қаңтарға белгіленді.
Не болған еді?
30 қазанға қараған түні Ержан Бабақұмаров танысымен жанжал кезінде қаза тапты.
Ержан Бабақұмаров туралы қысқаша
Ержан Бабақұмаров 1969 жылдың 2 наурызында Талдықорған облысында туған.
Саяси ғылымдар кандидаты болған.
1996 жылдан мемлекеттік қызметте еңбек еткен.
Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бағыты мен ақпараттық-талдау орталығында басшылық қызметтер атқарған.
Мәдениет және ақпарат министрлігінде жауапты хатшы және вице-министр болып істеген.
Премьер-министр Кеңсесі басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.
Орталық коммуникациялар қызметін басқарған.
Президенттің кеңесшісі, Әкімшілік жанындағы Талдау және болжау орталығын басқарған.
2019 жылдың шілдесінен 2022 жылдың ақпанына дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.
Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.