Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 11-сынып оқушысы емтихан кезінде телефон алып кіріп, ұстаз ескерту жасаған соң, мұғалімді балағаттаған. Оқиға педагогикалық кеңесте қаралып, оқушы мектептен шығарылды. Бұл шешім қоғамда пікірталас тудырып, кейбіреулер баланың құқығы бұзылды деп санайды.
Оқушы қателігін мойындап, тіпті Президентке үндеу жасаған. Ол – НЗМ-де бес жыл оқыған, халықаралық емтихандардан жоғары балл жинаған түлек.
Оқу-ағарту министрлігі мұғалімді қолдайтынын айтып, мұғалім беделі заңмен қорғалатынын еске салды. Министр Ғани Бейсембаев бұл істі бақылауына алып, арнайы тексеру басталды.
НЗМ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин де мектеп шешімін қолдайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл оқушы бұған дейін де тәртіп бұзған. Қазір оны басқа мектепке ауыстыру қарастырылып жатыр.