Тоқаев: Әр ұлт өз ана тілінде сөйлеуге құқылы, өзгелерге құрметпен қарайық

/uploads/thumbnail/20250529122651080_big.webp

Президент Тоқаев: Қазақстанда әсіреұлтшылдыққа жол берілмейді, әр халықтың тілі мен мәдениетіне құрмет көрсетілуі тиіс

Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жаһандық ахуалдың күрделі екеніне тоқталып, ынтымақтастық пен диалогтың маңызын атап өтті.

"Жаһандық қауіпсіздікке төнген қатерге тек геосаяси тұрғыдан қарау жеткіліксіз. Бүгінгі бей-берекет кезеңде басты міндетіміз – ынтымақты сақтау және сынған сенімді қайта қалпына келтіру", – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанның сыртқы саясаттағы басты қағидаты – өзара сыйластық пен егемендікті құрметтеу екенін айтып, әсіреұлтшылдыққа жол берілмейтінін баса айтты.

"Әрбір этностың өз ана тілінде сөйлеуге, төл мәдениетін дамытуға құқығы бар. Біз Қазақстанда «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатын берік ұстанамыз. Өзге халықтардың тарихы мен дәстүрлерін менсінбеу – біздің жолымыз емес", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қатысты Мақалалар