Петр Порошенко тұңғыш рет АҚШ президенті Дональд Трампен кездесті. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі korrespondent ақпараттық сайтының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Бұқаралық ақпарат құралдары Украина президенті мен Трамптың кездесуі қанша уақытқа созылғанын және қанша рет қол алысқанын санап үлгерген. Баспасөз қызметінің айтуы бойынша бұл екі ел арасындағы жақын қарым-қатынастың нышаны бола алады.
Порошенко Украина жақын күндері АҚШ үкіметімен маңызды келісімшартқа отыратынын, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-саттық қатынасы мен әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі саяси құжатқа қол қоятынын мәлімдеді.
Келіссөз соңында екі ел басшылары бір-бірімен қол алысып, Трамп Украина президентінің ел басқару ісіндегі жетістіктерін атап өтті.
Ресми кездесуден кейін Fox News журналына берген сұхбатында Порошенко Трампты Рональд Райганмен салыстыра отырып, АҚШ президентінің Украинаға қантөгіссіз тыныштық сыйлай алатындығын атап өтті.
Шолушы: Ақерке Маратқызы