Қамшы тілшісі интернет басылымның үздік журналисі атанды

/uploads/thumbnail/20170710161202199_small.jpg

Байланыс және ақпарат күніне орай  «Нұр Отан» партиясы журналистикадағы сөз шеберлерін марапаттады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі "Нұр Отан" партиясының  Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жылда "Нұр Отан" партиясы «Нұр Сұңқар» республикалық байқауын жариялайды.  Биылғы жылы байқаудың қарауына отандық бұқаралық ақпарат құралдарының 200  өкілінен 600-ден астам жұмыс түсті.  

Жеңімпаздар партия қызметі, еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы, маңызды қоғамдық партиялық бастамалар, партияның жастар саясаты туралы үздік материалдары арқылы анықталды. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққандардың арасында  «Qamshy Media» ЖШС директоры Нұрғали Нұртай да бар. Ол «Медиа профи» аталымын жеңіп алды. 

Жеңімпаздар 8 аталым бойынша марапатталды.

Айта кетейік, бұл жолғы байқауда Астана және Алматы қаласының журналистері ерекше белсенділік танытты. Өңірдегі журналистердің де байқауға қатысуға ниет білдірген қызығушылығы арта түсуде. Байқауға материалдар барлық облыстардан келді. Жеңімпаздардың есімдері құрамында елімізге белгілі журналистер, қоғам қайраткерлері бар байқау комиссиясының қорытынды отырысында анықталды.

Байқау қорытындысы бойынша «Елбасы бастамаларын халыққа түсіндіруге қосқан үлесі үшін» аталымын «РТРК Қазақстан» АҚ арнайы тілшісі Дулат Нуркин иеленді. «Партия қызметі туралы ең үздік материал үшін» аталымы Қарағанды облысындағы «Литер» газетінің тілшісі Айнұр Балакешоваға бұйырды.  «Ерекше пікір» аталымында «Астана» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар директоры Анар Каринтаева үздік телевизиялық журналист атанды. «Халық дауысы» аталымы  «Хабар24» телеарнасының директоры Арман Сейітмамыттың қанжығасына байланды.

«Сөз шебері» аталымында «Егемен Қазақстан» газеті мәдениет және руханият бөлімінің меңгерушісі Талғат Батырхан үздік журналист болды.

«Аймақ айнасы» аталымын «Казахстанская правда» газетінің Қостанай облысындағы тілшісі  Евгений Ермаков пен «Семей таңы» газетінің басшысы Рыиза Молдашева өзара бөлісті.  

«Ең үздік талдау бағдарламасы» аталымы «Хабар» теларнасы кешкі жаңалықтар қызметінің бас редакторы, «Негізінде» бағдарламасының жүргізушісі Руслан Оспанға табыс етілді. 

«Медиа профи» аталымы бойынша  Baq.kz сайтының редакторы Ержан Жаубай да марапатталды.
 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар