Ресей Қазақстан әскерін Сирияға аттандыру туралы келіссөздер жүргізді

/uploads/thumbnail/20170710161205480_small.jpg

Ресей Сирияға қазақстандық және Қырғызстан әскерін жіберу туралы келіссөздерді жүргізді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі РБК-ға сілтеме жасап. Қазақстан және Қырғызстан билігімен келіссөздер турасында Ресейдің мемлекеттік дума комитетінің басшысы Владимир Шаманов айтты.  Түркия президентінің өкілі де Сирияға Қазақстан мен Қырғызстан әскерін кіргізу мүмкін  екенін хабарлады.

Бүгін Түркия президентінің өкілі Ибрагим Калын Ресей президентінің арнайы өкілдерімен кездесу барысында Haberturk телеарнасына  Сирияға қазақ және қырғыз әскерін апару сөз болғанын айтқан.

«Мұның барлығы үлкен жұмысты қажет етеді. Кім қай жерден кіреді, қанша әскер және оларды қайда орналастыру деген секілді. Яғни 300 немесе 500 адам керек пе? Қазір Идлибте миллионнан астам адам тұрады. Әскерилер осындай тұрғынға қанша әскер керек екенін талқылап жатыр. Астанада маусымда өтетін кездесу барысында осы мәселелер нақты ойластырылады деп ойлаймын» деді Калын.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет
 

Қатысты Мақалалар