М.Шаханов өз атынан жалған парақша ашқан азаматтарды сотқа бермек. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Матрица ақпараттық сайтының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Белгілі қоғам қайраткері ешқандай әлеуметтік желілерге тіркелмегенін жиі айтатын. Алайда, ақынның айтуына қарағанда оның атын жамылып алған жалған парақшалардың саны бүгінде 56-ға жетіпті.
"Кейінгі кездері ғаламтордағы әлеуметтік желілерде менің атымнан парақша ашып алушылар тым көбейіп кетіпті. Маған тілектес, ниеттес адамдар санаған екен, олардың жалпы саны 56-ға жетіпті. Тіпті билік басында жүрген кейбіреулердің шетелдерде қанша үйі бар екенін де менің атымнан жіберіпті. Сөздің ашығына келсек, менің бір де бір парақшам жоқ. Ғаламтор арқылы біреуге бір ауыз сөз жазып көрген адам емеспін. Ғаламторды меңгеруге енді ғана кіріскелі отырмын" деді ақын Мұхтар Шаханов.
Сондай-ақ ақын есімі мен беделін пайдаланып, жалған парақша ашқан алаяқтардың осындай жөнсіз әрекетін тоқтатпаса сотқа шағымданатынын мәлімдеді.
Шолушы: Ақерке Маратқызы