Қытайда тек қолданылатын заттарды ғана емес, сонымен қатар табиғи өнімдер, яғни тағамдарды да қолдан жасап үйренген. Біздің еліміздегі супермаркет сөрелеріндегі тағамдардың көпшілігі дәл сол Қытайдан жеткізілетіні бәрімізге мәлім. Ендеше Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып қолдануға болмайтын тағамдардың тізімін көрсетеді. Көпшілігінде 690-693 штрихкодымен берілетін тағамдар болып табылады.
1 Тиляпия балығы

Тиляпия балығы Қытай фермаларында қолдан өсіріледі. Бұл балықтың түрін сатып алушылар көп. Бұл балық сапасы тым нашар, уытты балықтардың бірі. Тиляпия кішігірім бассейндерде өсіріледі және де ол көзіне көрінгеннің барлығымен қоректене береді.
Қытайда бұл балықтың түрін өз балаларына ешкім де жегізбейді, себебі олар бұл балықтың қалай өсірілетінін жақсы біледі. ТМД елдері арасында Тиляпия балығының 80 %-ы Қытайдан жекізіледі.
2 Треска балығы

Бұл – Қытай фермаларының бірінде қолдан өсірілетін балықтардың тағы бір түрі. Бұл балық өзінің қалдығымен қоректеніп, соның ортасында өмір сүретін болғандықтан бұл балықтан да аулақ болу керек. Қазіргі таңда еліміздегі Треска балығының 50%-ы Қытайдан әкелінеді.
3 Қытайдан келетін алма шырыны

Біздің еліміздегі алма шырынының 50%-ы Қытайдан жеткізіледі екен. Қытай қазіргі таңда жер шарын пестицидтермен ластаудан бірінші орында тұр. Әлі күнге дейін Қытай олардың құрамын өнім қорапшаларында көрсетпейді.
Балаларыңыздың денсаулығы үшін қораптағы алма шырынынан мүлде бас тарту қажет. Жеміс шырынын тек үйде жасап, тұтынған абзал.
4 Консервіленген саңырауқұлақтар

Бірнеше уақыт бұрын АҚШ санэпидемстанциясы Қытайдан жеткізілетін консервіленген саңырауқұлақтардың арасынан бұзылған өнімдерінің көпшілігін тауып алды. Қытайдың көптеген фермалары өз мүдделері үшін консервіленген банкалардың сыртына «органикалық» деген жазуды көптеп жазатын болған. Астарына үңіліп қарайтын болсақ Қытайдан жеткізілетін саңырауқұлақтар мүлде тұтынуға жарамсыз екендігін байқауға болады. Және де мұндай саңырауқұлақтардың 34%-ы Қытайдан әкелінеді.
5 Қытай сарымсағы

Қытайда сарымсақты ұзақ уақыт бүлдірмей сақтау үшін оған көптеген химикаттар сеуіп сақтайды. Елімізде сатылатын сарымсақтардың 31%-ы қытайлық болып табылады.
6 Тауық еті

Құс тумауы бойынша Қытай бірінші орынға тұрған мемлекет. Сол себепті де сіз тұтынып отырған құс еті де сол ауруға шалдықпағанына кепілдік беру өте қиын. Сонымен қатар Қытайдан әкелінетін тауық еті өте көлемді болып келеді. Мұның да астарында бір қитұрқы іс-әрекет жатқаны белгілі.
7 Пластикадан жасалынған күріш

Қытайда күрішті картоп пен бірнеше синтетикалық заттарды қолдану арқылы күрішті қолдан жасап шығарады. Егер күрішті қайнату барысында ол қатты күйінде қалса және де ұзақ уақыт қайнаса, онда ол күріштің құрамында пластика бар деген сөз. Ал мұндай өнімдер адамдарды қатерлі ісік дертіне шалдықтырады.
8 Түйіршіктелген қара бұрыш

Қытайда қара бұрыш өндірушілер оның құрамына арнайы тұнба қосады. Ол бұрышты қолдану кезінде сіз оны байқамай да қаласыз.
9 Тұз

Өнеркәсіптік тұздың тұрмыста қолданылатын тұздан айырмашылығы зор. Алайда дәл сол өндірістік тұз біздің елімізге бірнеше жылдар бойы асқа қолданатын тұздың түрі болып әкелінуде. Уақыт өте келе ол тұз физикалық-психикалық ауытқушылық пен репродуктивтіліктің бұзылуына әкеліп соқтырады.
10 Жасыл бұршақ

Бұл өнім 2005 жылдан бастап қытайда жаппай өндіріле бастаған. Жасанды жасыл бұршақтың құрамында соя, жасыл бояғыш пен натрия метабисульфиті болады. Ал бұл химиялық зат тұтынатын тағамдарға қосуға тыйым салынған. Себебі ол адамдарды қатерлі ісікке және де зат алмасу әрекетіне ауытқушылық тудырады. Бұл бұршақты қайнау кезінде ол езілмейді, ал судың түсі ерекше жасыл түске боялады. Сол себепті де Қытайдан әкелінетін жасыл бұршақтан аулақ болыңыздар.
Дайындаған: Назерке Лабихан